Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыс өтілі сай емес азамат қызметке алынған

Жұмыс өтілі сай емес азамат қызметке алынған

Жалағаштық азамат жұмыс өтілі келмесе де мемлекеттік қызметші атанған.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен профилактикалық тексеру барысында белгілі болған.Департамент қызметкерлері Жалағаш ауданы әкімдігін тексеру барысында әкімдіктің конкурстық комиссиясымен заңсыз шешім қабылданғанын анықтаған.

Аталған конкурстық комиссия бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға жалпы конкурсты өткізу барысында біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін үміткерге басымдық берген. Нақтырақ айтқанда, Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы конкурсына қатысушының жұмыс өтілі талаптарға сәйкес келмеген. Дейтұрғанмен, комиссия мүшелері жеткілікті жұмыс өтілі жоқ үміткерді хаттамалық шешіммен әңгімелесу кезеңіне жіберіп, одан кейін бос тұрған бас маман лауазымына тағайындауға ұсынған.

Конкурстық комиссия құрамында Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшысы, бас инспекторы, бас маманы және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болған.
Заңсыз шешім қабылдаған конкурстық комиссия мүшелерінің тәртіптік істері Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған. Нәтижесіменмемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін конкурстық комиссия мүшелеріне «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасына тарту жөнінде шешім қабылданды.

ҚР МҚІА Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің хатшылығы

28 қазан 2020 ж. 327 0