Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Қауіпсіз жол" акциясы өткізілуде

"Қауіпсіз жол" акциясы өткізілуде

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету, аумақтық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес карантиндік талаптардың сақталуын халық арасында түсіндіру мақсатында бүгін ауданда «Қауіпсіз жол» акциясы өткізіліп жатыр. Акция аудандық полиция бөлімінің жанында ұйымдастырылуда.

Іс-шара барысында аудандық полиция қызметкерлері көлікті қауіпсіз айдау бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізуде. Қазіргі таңда шектеу талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін ескертуде. Сондай-ақ жол жүрісін ұйымдастыру, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беруге қатысты тұрғындар сұрақтарына жауап беруде.

Айта кетейік, жол қауіпсіздігін сақтау бағытындағы «Қауіпсіз жол» акциясы осы жылдың 20-24 ақпан күндері өткізілуде.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
20 ақпан 2023 ж. 425 0