Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ауған соғысының ардагерлері ардақталды

Ауған соғысының ардагерлері ардақталды

Осыдан 34 жыл бұрын, нақты айтқанда, 1989 жылдың 15 ақпаны күні Кеңес әскерлері Ауғанстан аумағынан шығарылды.

Бұл – біздің тарихымыздағы елеулі оқиғалардың бірі. Қаншама жауынгер соғыс даласынан оралмады. Алайда олардың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

"15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай" соғыста ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына құран бағышталды. Айқастар аяқталса да, тарихта мәңгі қалады. Дегенмен, жауынгерлер қанымен, аналар жасымен жазылған соғыс тарихы халық есінде мәңгі сақталады.

Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев ауған соғысы ардагерлерлерін арнайы қабылдап, ардагерлерге құрмет көрсетті.

Кездесу аясында ардагерлер аудандық музейде болып, боздақтардың қанымен жазылған тарих беттерінен сыр шертіп, жас буынға өнеге, өжеттілік үлгісін көрсетті.

























16 ақпан 2023 ж. 345 0