Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сабақтан жиі қалатын балалардың дерекқоры құрылмақ

Сабақтан жиі қалатын балалардың дерекқоры құрылмақ

Қолайсыз отбасыларда тұратын және тәуекел тобындағы кәмелетке толмағандардың республикалық дерекқоры құрылмақ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген балалардың құқығын қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында жазылған, деп хабарлайды кazbilim.kz.

«Қолайсыз отбасыларда тұратын, сондай-ақ отбасының цифрлық картасы шеңберінде балаларға қатысты өмірлік қиын жағдайдағы «тәуекел тобындағы» кәмелетке толмағандардың республикалық дерекқорын құру жөнінде ұсыныстар енгізіледі», — делінген құжатта.

Министрліктің мәліметінше, мына санатқа енетін балалардың республикалық дерекқоры құрылмақ:

бұрын зорлық-зомбылық қылмыстары үшін сотталған адамдармен бірге тұратындар;

олардың денсаулығына, өміріне және жыныстық тұтастығына қол сұғатын қылмыстардың құрбандары;

кәмелетке толмағандар саудасының құрбаны болған және заңсыз ұрланған немесе елден тыс жерлерге көшірілген;

тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар, ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдар, қамқоршылар және басқа туыстары тарапынан қатыгездікке ұшырағандар;

өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасағандар;

жүктілігі бар немесе түсік жасағандар;

құқық бұзушылықтар жасау салдарынан профилактикалық есепте тұрған, сондай-ақ қайыр сұраумен, қаңғыбастықпен жүйелі түрде айналысатындар;

дәлелді себептерсіз сабақтан жиі қалатындар;

ойынға тәуелділігі бар (лудомания) балалар.
09 ақпан 2023 ж. 389 0