Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекет басшысы Air Astana президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Air Astana президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе компаниясының 2022 жылғы операциялық және қаржылық көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ компанияның 2023-2027 жылдарға арналған жоспары баяндалды, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Air Astana компаниясы өз әуе паркін Airbus A320 және Boeing 787 Dreamliner секілді жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл ұшақтар елімізге  2025 жылы жеткізіледі. 

Питер Фостер компанияның бөлімшесі Fly Arystan лоукостерінің жұмыс перспективасы және 2024 жылы IPO-ға шығуға дайындық туралы баяндады.

Президент Air Astana қызметін оң бағалап, компанияның ұшақ санын арттыруды және ұшу географиясын кеңейтуді көздейтін стратегиясына оң баға берді.

Сондай-ақ кездесу барысында жолаушылар санын арттыруға бағытталған әуе компаниясының баға саясаты талқыланды.
23 қаңтар 2023 ж. 554 0