Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңа фобия: Қазақтың кредит десе "төбе шашы тік тұратын болған"

Жаңа фобия: Қазақтың кредит десе "төбе шашы тік тұратын болған"


Психолог мамандар елімізде қорқыныштың жаңа түрі белең алғанын айтып, дабыл қақты. Олардың сөзіне сенсек, қазақстандықтардың дені кредит десе зәре-құты ұшады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ел тұрғындарын алаяқтар олардың үстінен астыртын кредит алып жібереді деген қорқыныш мазалайтыны белгілі болды.
Мәселен, астаналық "кредитофоб" (несиеден қорқатын адам) Аман, тіпті жеке мәліметтерін алаяқтар пайлалана алмауы үшін әлеуметтік желідегі барлық парақшаларын өшіріп тастаған екен.
"Маған біреу жеке куәлігімді көрсетуін сұраса, қан қысымым көтеріледі. Тынысым тарыла бастайды. Бір күні түсімде "сіздің басыңызда бірнеше миллион кредит бар" деп белгісіз біреу қорқытып жатқан жерімнен ояндым", - дейді Аман.
Жаңа фобия түріне шалдыққан жас жігіт пойызға билет алудың өзінен қорқатынын жасырмады. Себебі, құжатын көргендер үстінен астыртын несие алып жібереді деп ойлайды екен.
Оның үстіне құжатын көрсетуді сұрайтын мемлекеттік органдардан да аулақ жүруге тырысатын көрінеді.
Айта кетерлігі, елімізде "кредитофобтардан" бөлек кредит алуды ұнататын "кредитомандар" да баршылық болып шықты.Олар ақшасының жоқтығына қарамастан, үсті-үстіне несие алып, бәріне қарыздар болып үлгеруде.
NUR.KZ
19 сәуір 2018 ж. 815 0