Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудан тазалығы күн тәртібінен түспеуі керек

Аудан тазалығы күн тәртібінен түспеуі керек

Аудан әкімі М.Ергешбаев алдағы көркейту-көгалдандыру және күнделікті тазалық жұмыстарына қатысты кент аумағы, кент орталығын кесіп өтетін теміржол маңы, ауданның үстінен өтетін күре жол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойын аралады.

Тазалық жұмысына белсене араласып жүрген қызметкерлермен сұхбаттасқан аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы: Аудан тазалығы, айналамыздың көркеюіне белсенділік танытып жүргендеріңіз үшін ерекше алғыс білдіремін. Ауа-райының құбылысына қарамай жұмыстарыңызды адал, әрі тиянықты жасап жүрсіздер. Бұл ауданымызға, онда тұрып жатқан тұрғындарға деген ерекше сыйластықтарыңызды білдіреді. Бұл қызметтеріңізді құрметтеу, елі мен жерін қастерлеу ауданның әрбір азаматы үшін парызға айналу керек деп ойлаймын, – деп, ерекше алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, теміржол станциясының басшылығымен теміржол аумағын аралап, тазалық жұмыстарын жүргізіп, ортақ мекеніміз ауданға жанашырлық танытуларын айтты. Тазалық жұмыстары мен меншіктеріндегі мекемелерді әрлеуді ұйымдастыруды тапсырды.
19 қаңтар 2023 ж. 390 0