Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Таиландта инсультқа ұшыраған қазақстандық әйел елге арнайы бортпен жеткізіледі

Таиландта инсультқа ұшыраған қазақстандық әйел елге арнайы бортпен жеткізіледі


56 жастағы қазақстандық әйел Таиландтың Паттайя аймағында инсультқа ұшыраған. Екі апта бұрын талып құлаған отандасымыз Таиланд емханасына жеткізілген. Енді ол елге арнайы бортпен жеткізілмекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан азаматшасын елге қайтару 25-27 сәуірге жоспарланып отыр. Қазақстан азаматшасы медициналық көмекті Астанадан алады», – делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Әйел елордаға арнайы санитарлық авиация бортымен жеткізілмек. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.
Алыс және жақын шетелден адамдарды медициналық тасымалдау республика бюджеті есебінен жүргізіледі.
Айта кетейік, 56 жастағы әйел 1 жыл бойы ақша жинап, туған күнін Таиландта атап өтпекші болған. Ол саяхатқа күйеуімен бірге аттанған.
19 сәуір 2018 ж. 932 0