Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы 8 қаңтар күні еліміздің бірқатар облысында күн райы күрт өзгеру ықтималдылығына байланысты ескерту жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 8 қаңтар күні бұрқасындатып, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 м/с болады.

Таразда кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, облыстың орталығында 23 м/с.

Қызылорда қаласында 8 қаңтарда күндіз жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с.
08 қаңтар 2023 ж. 727 0