Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас санитариялық дәрігер адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағуды ұсынды

Бас санитариялық дәрігер адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағуды ұсынды


ҚР Бас санитариялық дәрігері адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағуды ұсынды. Ол бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТРдің оң нәтижелі 300-ге дейін жағдайы және ПТРдің теріс нәтижелі 40-қа дейін жағдайы тіркеледі, науқастардың 99%-ы сауығып кетті. Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 3% - ға өсті», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді.

Осыған байланысты, А.Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды.

Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанғандардың маусымдық өсуі байқалады. Ауырғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20% өсті.
26 желтоқсан 2022 ж. 386 0