Қызылорда облысы "жасыл" аймақта
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" және "жасыл" аймақ қатары толықты, деп хабарлайды sputnik.kz.6 қарашадағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланады.
Соған сәйкес Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа, Қостанай облысы "қызыл" аймаққа ойысты.
"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
"Сары" аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.
"Жасыл" аймаққа: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары енді.











