Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық майының пайдасы мол

Балық майының пайдасы мол


Грек ғалымдары күніне 10 гр ба­лық майын ішу адамдардың ара­сын­да жиі кездесетін кенеттен жү­рек тоқтауы оқиғасын 41 па­­йыз­ға қысқартатындығын алға тартады. Цин­цинати универ­ситетінің ға­лым­да­ры күніне 2 гр балық майын қа­былдау қан қысымын қалпына кел­тіретінін дәлелдеген. Олар­­дың пікірінше түрлі дә­рі­лер­мен емделгеннен гөрі ба­лық майының шипасы молырақ екен және біз өз ағ­замызды химиялық улан­дырудан сақтай аламыз. 

Бүгінде отандық маман­да­­­­ры­мыз­дың деректеріне сү­й­енсек, балық майы кеу­де обы­­рын тоқтатуға не бол­ма­са кішірейтуге көп әсерін ти­гі­зеді екен. Қытай ғалымдарының пікі­рінше, обырмен ауы­ра­тын адам­дардың ағзасында оме­га 3 амин қышқылы өте аз бай­қал­­ған. Әсіресе балық майын жүк­ті әйелдер көп ішкені жөн. EPA және DHA комбинациясын 650мг не болмаса 1000мг мөл­шер шамасында ішуі керек, ба­лық майын ішуді жүктілік жә­не сәбиді емізу кезінде де жал­ғастыруға болады. Бұдан адам иммунитетіне зиян жоқ. Балық майы қандағы Е кон­цент­рациясын төмендетеді, сон­дық­тан Е дәрумендерін қатар қол­дануы қажет. Мамандардың ай­туынша, жұмасына кем дегенде 140 граммдық екі порция ба­лық жеу керек, әсіресе көктем ке­зінде ағзаның орнына келуіне кө­мектеседі екен. Балық құрамында ми­не­рал­дар, протеиндер және көп түрлі дәрумендер, омега 3, омега 6, омега 9 амин қашқылдары бар­шылық. Сүйегімен жейтін сар­дин, лосось балықтарында фос­фор және фтор көп мөлшерде кез­деседі. Кальций сүйекті қа­тай­тады, фосфор ағзаға керек функ­цияларды күшейтеді, ал фтор тісті бекітеді. Балық ма­йын­дағы А дәрумені ағзаны та­­зар­тады, зиянды вирустарды жоя­ды, сонымен қатар адам те­рі­сінің функциясын жаңғыртады. Көз жанарының көру әлсіздігі байқалған тұста семга балы­ғының майымен емдеуге бола­ды. Нәтижесі өте оңды. Жалпы балық майы – адам ағ­засына қажеттілігі жағынан бі­рінші орында тұрған азық. Ал балықтың: патша балығы, сар­ди­ны, скумбрия, семга, лосось, ала­бұға, сазан сияқты түрлерін жиі жеу қажет. Бұлардың тіске, сүйектің қатаюына пайдасы зор. Балық етінде темір көп. Ол ісік ауруларының алдын алуға көмектеседі.
18 сәуір 2018 ж. 2 026 0