Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үлкен жетілік» елдері Сириядағы әуе соққыларын бірауыздан қолдады

«Үлкен жетілік» елдері Сириядағы әуе соққыларын бірауыздан қолдады


"Үлкен жетілік" елдері Сирия билігінің химиялық қару қолданғанын қатаң сынап, оған жауап ретінде АҚШ пен оның одақтастарының әуе соққыларын бірауыздан қолдады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сentralasian.org сайтына сілтеме жасай отырып.
Бірлескен мәлімдеме Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның сайтында жарияланды. Химиялық қару қолдану - Химиялық қару туралы Конвенцияны бұзу, әлемдегі бейбітшілік пен оның тұрақтылығына төнген қауіп. Зымыран соққыларын "Үлкен жетілік" елдерінің басшылары "шектеулі, дәл тиетін және қажетті шара" деп бағалады. Себебі "дипломатиялық жолмен реттеудің барлық мүмкіндіктері түгесілген соң ғана" әуе соққысы жасалып отыр.
Дей тұрғанмен "Үлкен жетілік" елдері Сириядағы жанжалды дипломатиялық жолмен шешуді қалайтындарын атап өткен.
"Үлкен жетілік" елдерінің Оттаваға жиналған сыртқы істер министрлері Солсбериде ГРУ-дың бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен оның қызының улануын сынаған мәлімдеме таратты. СІМ басшылары Ресейді айыптап отырған Ұлыбритания билігінің ұстанымымен келісті. Олар Мәскеуді Солсбери оқиғасына байланысты сұрақтардың барлығына жауап беруге шақырды.

17 сәуір 2018 ж. 1 496 0