Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Сырдария  ауданы көлемінде «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Аудан бойынша жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлікті тәртіпті арттыру мақсатында ағымдағы жылдың жылғы 5-10 желтоқсан аралығында республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Аталған іс-шарада бірқатар тәртіп бұзушылықтың алды-алу жүргізіледі.

Іс-шара барысында автокөлік қозғалысының ықтимал жасырын бағыттарын анықтау, оның ішінде, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын жеңіл такси автокөліктері бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша Көліктік бақылау инспекциясы өкілдері қатарынан мобильді топтар құрады. Сонымен бірге рейс алдында жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауына және сапарға шығатын автокөліктерді міндетті түрде техникалық тексеруге ерекше назар аударылатын болады.

Айта кетейік, «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының маңызы  зор. Жүргізушілердің жол ережесін сақтауда ескерілетін мәселелер назардан тыс қалмайды. Жолаушыларды тасымалдау үшін автобус жүргізушілерге қойылатын талап жоғары. Сондықтан аудан бойынша автобус жүргізетін жандар  іс-шара өту барысында керекті ақпаратты  сала мамандарынан алуға болады.
06 желтоқсан 2022 ж. 665 0