Шаруа қожалығының мамандары марапатталды

Жеке кәсіпкер Олжас Майлыхожаев басқаратын шаруашылықтың қызметі өркендеп, егін маусымында межелі нәтижеден көріну үшін еңбек адамдары барын салды. Ала жаздай ыстық күнге қақталып, самайын күн сүйген шаруашылық қызметкерлері жан аямай еңбек етті. Соның нәтижесінде «Құлболды Ишан» шаруа қожалығының төрағасы Олжас Майлыхожаев жылды қорытындылап, озат күрішші, озат механизатор, озат тасымалшы және ұжымдастарын марапаттады. Өз кезегінде сала мамандарына «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мереке еңбеккерлерге арналған мерекелік дастарханмен жалғасын тапты. Мереке мезіретін сезінген шаруа адамдары келесі жылда ерекше қарқынмен бастау үшін аздаған уақытқа демалысқа шығады. Елдің ырыс-несібесін арттырған шаруа қожалықтың жұмысы жемісті болып, абыройлы болуына тілектестік білдіреміз. Алдағы жылы мол өнім алуға барын салады деп сенеміз.