Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тереңөзекте алғашқы қар тазалау жұмыстары жүргізілді

Тереңөзекте алғашқы қар тазалау жұмыстары жүргізілді

Кеше Сырдария ауданының аумағына алғашқы қар түскен еді. Соңғы күндері ауа райы құбылмалы болып тұрғаны баршаға аян. Демалыс күндері боран соғып, жергілікті халықтың жүріп-тұруы қиындады. Қыс маусының алғашқы қарына көпшілік таңданыс білдірді.

Тереңөзекте біршама қар жауғанына байланысты аудан орталығында арнайы техникалар мен тиісті мамандар қар тазалау жұмыстарын жүргізді Сондай-ақ, жол бойына көк тайғақтың алдын алу мақсатында құм-тұз қоспасы себілді.

– Жыл сайын қыс маусымына дайындық  қатаң жүргізіледі. Арнайы техникалар дайындалып, жолдардың көктайғақ болуынан сақтау үшін тиісті жұмыстар жасалады. Өз кезегінде жергілікті тұрғындардан қауіпсіздік іс-шараларын ұстануға шақырамыз. Қыс мезгілінде қатқақ жолдармен жүруді көпшілік шектеу керек.  Сала мамандары қашанда тұрғандар игілігін үшін қызмет етеді. Ерте көктем басталғанша, көшенің тазалығы басты назарда болады. Әркез кент тұрғындарының талап-тілегі бойынша нәтижелі жоспар құрылады. Бізге тұрғындардың амандығы басты орында, – деді жауапты мамандары.  

Айта кетейік, ауа рауйында қалайсыздық орын алған жағдайда 2 ауысыммен арнайы кезекшілік кестесі бекітілген. Алдағы уақытта техникалық базаны жасақтаубойынша тиісті іс-шаралар қабылдаса дейміз.

01 желтоқсан 2022 ж. 363 0