Сыр спортшылары сайлауға белсене қатысты

– Қызылордалық жерлестер 20 қарашада өткізілген сайлауға белсене қатысып, нәтижесінде республика бойынша 2 орынды иемденіп отырмыз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі – бәрімізге ортақ жеңіс. Себебі, халық «Әділетті Қазақстанды» құрудағы Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен толық танысып, оның жүзеге асатындығына сенім артып отыр. Ендігі жерде Президентпен бір болып, аталған жұмыстарды жүзеге асыру міндеті тұр, – деді сала маманы.
Өз кезегінде сырдариялық клубтың бас жаттықтырушысы Сұлтан Қобландин спортшылар өткен сайлауда белсенділік танытқандықтарын атап өтті.
– Елімізде спортшыларға қолдау көрсетіліп келеді. Ел намысын «Қайсар» көгалдағы хоккей клубы абыроймен қорғап келеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің намысын алыс-жақын шетелдерде қорғай береміз. Жастар кезектес тыс ҚР Президентінің сайлауында белсенді дауыс берді. Өз таңдауларын жасады. Еліміз өркендеп, дами берсін, – деді бас жаттықтырушы.