Жылжымалы дауыс беру жәшігі мекен-жайларға жеткізілді

Жылжымалы дауыс беру жәшігі тиісті мекен-жайларға уақытылы жеткізіліп, тұрғындар өз таңдауларын жасады.
– Азаматтар үшін қабылданатын әрбір шешім маңызды. Еліміздің ертеңі үшін, ұрпағымыздың жақсы өмір сүруі үшін, жұртымыз тыныштығы үшін таңдауымды жасадым. Ауылымыздың береесі тасыған. Қамбамыз астыққа толып, мерейіміз тасуда. Міне, балаларым келіп, саяси науқанда дауыс беруіме себепкер болып отыр. Осындай күнге жеткеніміме қуаныштымын. Балаларым қасымда. Бақытты жанмын. Осы ауылда ертеректен тұрып келемін. Жастарымызды үлкендерді сыйлайды. Біздің оларға айтар ақылымыз көп. Осындай саяси науқан ешкім қалыс қалмауы тиіс. Әрбір қазақстандықтың сайлауда өз таңдауын жасайтын құқығы бар, – дейді ауыл тұрғыны.
Ал сайлау уаскесінде таңмен таласа келіп дауыс берген қарияның иығына шапан жауып, сағат тарту етілді. Айта кетейік, тұрғындарға қуаныш сыйлау үшін барлық дауыс беру учаскелерінде көңілді әуен шырқалды. Бұл күні сайлаумен қатар, «Сәбилер күні» тойланды.