Нағи Ілиясов ауылының жастары белсенділік танытуда
Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай сайлауға белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі, бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.
Жоғары жауапкершілікті сезінетін жастарымыз таңғы сағат 7.00-ден бастап сайлауда дауыс беруді бастап кеткен болатын.
Уақыттың ерте екендігіне қарамастан жастар тобы азаматтық парыздарын өтеуге асығуда.
Жоғары жауапкершілікті сезінетін жастарымыз таңғы сағат 7.00-ден бастап сайлауда дауыс беруді бастап кеткен болатын.
Уақыттың ерте екендігіне қарамастан жастар тобы азаматтық парыздарын өтеуге асығуда.
Елімізде кезектен тыс президент сайлауының басты ерекшелігі – Конституциялық өзгерістер енгізілгеннен кейін, жаңа форматта өтуі.
Жаңа форматқа сәйкес президент бір мерзімге 7 жылға ғана сайланады. Мұның бәріне Қазақстан халқы жалпыұлттық референдум кезінде қолдау көрсетті. Екіншіден, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдан бергі саяси реформалары аясында жүзеге асты. Яғни президенттің өкілеттілігін шектеу, суперпрезиденттік биліктен толық классикалық жүйеге өту.
Кез келген үміткер президент болғаннан кейін өзінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға ден қояды.
Өйткені ол екінші мерзімге дайындауға уақыт жоғалтпай, өзі бастаған реформаларды табысты жүзеге асыруға ден қояды. Осындай маңызды қадам жасалған сайлауда жастар белсенділік танытуда.