Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудан жастары белсенділік танытуда

Аудан жастары белсенділік танытуда

Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай сайлауға белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.

Жоғары жауапкершілікті сезінетін аудан жастары таңғы сағат 7.00-ден бастап сайлауда дауыс беруді бастап кетті. Әр ауылда жастар алдағы сеніммен қарап, тарихи сәтке өз үлестерін қосуда.

Уақыттың ерте екендігіне қарамастан жастар тобы азаматтық парыздарын өтеуге асығуда. Шыныменде қоғамның қозғаушы күші жастар екені белгілі.  
– Бүгін біз аудан жастары сайлауға бірінші рет келіп тұрмыз Ата-анамызбен  ес кіргенге дейін келетінбіз. Негізі сайлаумен біздің өмірімізді көп дүние байланыстырады. Саяси белсенділік ең алдымен осындай сайлау кезінде көрінеді. Біз өз таңдауымызды жасадық. Ел ертеңі біз секілді жастардың қолында. Қилы кезеңде бастарын қатерге тіккен ата-баба ұрпақтары осындай маңызды өз үлестерін қосады. Және өзіміз секілді замандастарымызды дауыс беруге шақырамыз. Еліміздің бірлігі осындайда көрінеді. Жастар ел патриоты ретінде барлық істің басы-қасынан табылады, – дейді аудан жастары.

Иә, Сырдария жастары ауызбіршілік танытып, сайлауға лек-легімен келуде.





Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы
20 қараша 2022 ж. 392 0