Денсаулық саласы өкілдерімен кездесу өтті

Осы орайда, бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Шиповских референдумға қатысудың маңыздылығын түсіндірді. Мәжіліс депутаты жүздесу кезінде алдағы референдум туралы айта келіп, Конституцияға енгізілетін және еліміздің қазіргі кездегі саяси жүйесін өзгертуді көздейтін түзетулерге тоқталды. Қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістер еліміздің экономикасын дамытуға және халықтың тұрмысының жақсартуға тікелей әсер ететінін атап өтті.
Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қолға алынған Конституциялық өзгерістер еліміздің қарқынды дамыту үшін аса қажет. Конституцияның бірқатар баптарына түзетулер енгізіледі және ондаған жаңа заң қабылданатын болады. Оның бәрі халқымыздың, жұмысшылар мен қызметкерлердің жағдайын жақсартуға ықпал етеді, - деді Г.Шиповских.
Аталмыш кездесуге аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып және аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы қатысты.
Денсаулық сақтау саласы өкілдері толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.