Жаңа кезеңге - жаңа реформалармен!

Осы орайда, бүгін «Ақжарма 2» шаруа қожалығының қызметкерлеріне аудандық штаб мүшесі, аудандық мәслихат депутаты М.Бисенов референдумға қатысудың маңыздылығын түсіндірді. Марат Алдабергенұлы жүздесу кезінде алдағы референдум туралы айта келіп, Конституцияға енгізілетін және еліміздің қазіргі кездегі саяси жүйесін өзгертуді көздейтін түзетулерге тоқталды. Қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістер еліміздің экономикасын дамытуға және халықтың тұрмысын жақсартуға тікелей әсер ететінін атап өтті.
Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қолға алынған Конституциялық өзгерістер еліміздің қарқынды дамыту үшін аса қажет. Конституцияның бірқатар баптарына түзетулер енгізіледі және ондаған жаңа заң қабылданатын болады. Оның бәрі халқымыздың, жұмысшылар мен қызметкерлердің жағдайын жақсартуға ықпал етеді, - деді М.Бисенов.
Кездесуге қатысқан ауылшаруашылық өкілдері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Расул Есенов,
облыстық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі
облыстық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі