Айдарлы ауылындағы 88 жастағы тыл ардагері дауыс берді
Айдарлы ауылдық округіндегі N171 -ші Смайлова Гүлбану Жаксылыковна бастаған сайлау учаскесі бүгінгі маңызды науқанға сақадай сай отыр.
Осы маңды мекендеген әрбір дауыс берушінің қапы қалмауын да жіті бақылауда.
Осы маңды мекендеген әрбір дауыс берушінің қапы қалмауын да жіті бақылауда.
Мұндағы учаскіге келіп, алғашқы дауыс берушілердің бірі 88 жастағы Итолы Шонбаева. Апамыз саяси науқанға аса жауапкершілік танытып, елдегі оң өзгерістерге өз үлесін қосуға келгенін айтты.
– Баршаңызды бүгінгі Президент сайлауына белсене қатысуға шақырамын. Халықтың әл-ауқаты, көңіл-күйі түзелмей береке болмайды. Көңіл-күй жақсы болған кезде ғана жұмыста береке болады. Бұл бір. Екіншіден, ғылым, білім, мәдениетті дамыту керек.Жұртшылық болып жұмыла, бүгінгі науқанды бірге алып шығайық ағайын, – деді тыл ардагері.
Тыл ардагерінің ақ батасын алған жастар да, өз белсенділіктерін көрсетуде. Негізінен, Айдарлы ауылы аудан үлгілі ауылдардың бірі саналады. Халқы белсенді ауылдың ынтымағы жарасқан. Егіздер ауылы деп аты шыққан елді мекенде бір көшеде бірнеше егіз тұрады. Итолы апаның ізін қуған көп балалы аналар дауыс беруде. Кезектен тыс ҚР Президентінің сайлауы шалғай ауылдарда заң шеңберінде жүзеге асуда. Саяси науқан мерекелік көңіл-күйде жалғасын табуда.