Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Автоволонтерлер қызмет көрсетуде

Автоволонтерлер қызмет көрсетуде

Сырдария ауданының жастары бүгінде мейірімділік шараларынан қалыс қалмай келеді.

Қадірлі қарттарымызға құрмет көрсету – сауабы мол амалдың бірі.

Осы уақытта ауданда өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін жас еріктілердің қатары артып келеді. Бүгінгі саяси науқан аясында ерікті жастарымыз белсенділік танытуда.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы арқылы ерікті жастар автоволонтерлыққа шақырылып, олардың тізімі жасақталды.

Қазіргі таңда, 15 автоволонтер жүріп-тұруы қиын қадірлі қарттарды сайлау учаскесіне дейін апарып, одан кейін үйлеріне жеткізуде.

Аудан жастары тегін тасымалдау арқылы қызмет жасап, қарттарымыздың разылығын алуда.

  Қайырымдылық іске үн қосқан аудан жастары шалғайда орналасқан үйлерге дейін аралауда. Қазыналы қарттар жастарға алғысын жеткізіп, ризашылығын білдіруде. Сауапты іске өз үлестерін қосқан жастар ел ертеңі үшін сенеді. Үлкеннен тәлім алады. Қариялардың ақылын тыңдап, болашаққа бой түзейді. Мұндай игі іс-шара бірнеше ауылда жалғасын табуда. 15 автоволонтер кешке дейін жергілікті халық қызмет көрсетін болады. Жергілікті уақытпен кешкі 8-ге дейін дауыс беру жалғасады. Аудан тұрығындары өз таңдауларын жасауда қарап қалмасы анық.


Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы
20 қараша 2022 ж. 281 0