Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдарияда сайлау басталды

Сырдарияда сайлау басталды

Сырдария ауданы бойынша ҚР Президенттінің сайлауы жергілікті уақытпен 07.00-де бастау алды. №156 сайлау учаскесінде Гимн орындалып, саяси науқан салтанатты түрде ашылды. Еңбек және Тыл ардагері Рахымжан Бәйменов ақ батасын беріп, сайлаудың сәтті өтуіне ақ тілегін білдірді.

Алғашқылардың бірі болып, өз таңдауларын Тереңөзектік ерлі-зайыпты Талғат Рахметов пен Ақмарал Каюпова жасап, сенім білдірген үміткеріне дауыс берді.


— Мен саяси науқанда бірінші болып таңдау жасағаныма қуаныштымын. Зайыбым Ақмарал екеуміз өзіміз қалаған кандидатқа дауыс бердік.
  Дауыс беру азаматтық борышымыз деп білемін. Саяси науқанда әрбір сайлаушының дауысы маңызды. Мен де мемлекетімнің болашағы үшін таңдау жасадым. Ең бастысы, біз дұрыс таңдау жасауымыз қажет. Себебі, Президентті таңдау арқылы, біз елдің болашағын таңдаймыз. Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін кент тұрғындары өз таңдауларын дұрыс жасайды деп сенемін. Бізотбасымызбен үнемі ерте келіп дауыс беруге асығамыз, – дейді кент тұрғыны Талғат Рахметов.

Ерте келген халықтың қарасы мол. Жергілікті халықтың саяси науқан қатысуы жоғары десек қателеспейміз. Тұрғындар арасында 6 жарымнан бастап келіп, межелі уақытты күткендер бар.  
20 қараша 2022 ж. 367 0