Жас еңбеккерлер тәжірибе жинақтады

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудан жастарына қолдау білдіріп, егін егуіне қолайлы жағдай жасауда.
Қолдау тапқан А.Тоқмағамбетов және Аманкелді ауылдық округіндегі жас еңбеккерлер тәжірибе жинақтау мақсатында Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округіне арнайы барып, ерте көктемде егін шаруашылығының қарқын алуы үшін біліктіліктерін арттырды.

- Кез келген кәсіп иесі арнайы маман емес. Бүгінгі тәжірибе алмасу жұмыстары бастаған істі соңына дейін апаруымызға сеп болар еді. Егін егіп, ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосып жүрген жастар жетерлік. Біздерде егін егу арқылы өз жағдайымызды жақсартқымыз келеді, – дейді жастар бригадаларының мүшелері.
Жастарды еңбекке баулу мен олардың егін егу мақсатында тәжірибе алмасуына жасаған қолдауы үшін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалым Махмұтбайұлы Әміреевке алғыс білдіреміз.
Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы
жастар ресурстық орталығы