Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қаламгер есімі ұлықталды

Қаламгер есімі ұлықталды

Сыр баспасөзіндегі журналист, редактор, Ұлы Отан соғысының ардагері, қайраткер Қалқабай Әбеновтің 100 жылдығына орай іс-шаралар жалғасын тапты.

«Сыр медиа» ЖШС, «Сыр журналистикасы» Қ.Әбенов атындағы қоғамдық қордың ұйымдастыруымен Қалқабай Әбеновтің 100 жылдығына орай баспа және электронды БАҚ өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз қаламгерлер арасында өткен «Туған жер – тұғырым» атты байқау жеңімпаздары марапатталды.

Іс-шарада «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі күйден шашу шашты. Олыстық музей жылжымалы көрме ұсынды. Онда музей қорында сақталған журналистің 50 ден аса құжат, суреттері, мемлекеттік наградалары, Жоғары кеңестен алған Құрмет грамоталары қойылды. Журналист, қайраткер Қ.Әбеновтің өмірі мен еңбек жолы туралы деректі фильм көрсетілді.

Сонымен қатар шығармашылық байқау жеңімпаздары белгілі болды.

Үздік баспасөз материалы» аталымы бойынша I орын «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы Дүйсенбек Аяшұлы жеңіп алды.

Ал жүлделі II орын тәуелсіз қаламгер Нұрбай Жүсіп иеленді. Сонымен қатар «Үздік орыс тілді баспасөз материалы» аталымы бойынша «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Жанна Сражадинқызы жеңімпазы болды.

Ал «Үздік телехабар» аталымы бойынша «Qyzylorda» телеарнасынан Бекзат Есқалиев жүлдені жеңіп алды.

Жеңімпаздарға Қ.Әбенов атындағы «Сыр журналистикасы» қордың атынан бағалы сыйлықтар берілді.

Іс-шара соңында қайраткер қаламгердің әріптестері достары естеліктерімен бөлісіп, ұрпақтары ас берді.


Гүлбану МАҚАЖАН,
29 қазан 2022 ж. 399 0