Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Шығармашыл ұстаздарға құрмет көрсетілді

Шығармашыл ұстаздарға құрмет көрсетілді

Аудан әкімдігінде ұстаздар ме­ре­кесіне орай мерекелік қа­былдау өтті.

Мерекелік қабылдауға ауданның білім саласына айрықша үлес қосқан шығармашыл ұстаздар қатысты. Сонымен қатар қабылдауда шәкірттері білім бәйгесінде жүлдегер атанған, биылғы жылы ҰБТ нәтижесінде жоғарғы көрсеткішке ие болған шәкірттер дайындаған ұстаздар қауымы болды.

– «Алты алаштың баласы бас қосса төр мұғалімдікі» деген қазақта сөз бар. Барлық мамандықтың төресі саналатын ұстаздық қасиетті де, қадірлі мамандық. Ұлағатты ұстаздардың ұрпақ тәрбиелеу жолында алатын орны ерекше. Осынау қиындығы мен қызығы қатар жүретін жауапкершілігі мол қызметтеріңізге шығармашылық сәттілік тілеймін. Мерекелік басқосуда дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев.

Мерекелік қабылдауда №42 Қ.Баймағанбетов атын­дағы мектеп-лицейдің мұғалімі Ғ.Бұрханов ұстаздар қауымының атынан сөз сөйлеп, аудан әкімдігіне ризашылығын білдірді. Ұлағатты ұстаз шәкірті жақында халықаралық байқауға қатысатынын айтып, бұл ұстаз үшін үлкен жетістік деді.

Қабылдауда ұстаздарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен мерекелік сый сияпаты табыс етілді.

Бибісара ЖАНӘЛІ
08 қазан 2022 ж. 632 0