Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам мінезі жейтін тамағына байланысты

Адам мінезі жейтін тамағына байланысты


Америкалық ғалымдар 18 000 адамның көмегімен тәжірибе жүргізіп, адам мінезінің жейтін асына байланысты екенін анықтаған.

Адам баласы тағамды жейтін кезде көп ойланбайды. Тек қалауына байланысты тамақтанады. Олай болса, жақын достарыңыздың немесе туыстарыңыздың тоңазытқышына үңілу арқылы олардың мінезін анықтап көріңіз. Бұл тәжірибенің дұрыстығын психолог мамандар бірауыздан мойындап отыр.

Адам баласы киім сәніне қалай еліктесе, тағамға да солай құштар. Сол шамадан артық құштарлықтың арқасында созылмалы ауруға шалдығады. Яғни, осы жағдайларды да ескеруіміз керек. Әрбір адам ағзасының қажеттілігіне байланысты тамақтанады. Өзіндік «Мені» мен ішкі биоритм механизмі қандай мөлшерде, қай тағамды жеу керектігін нұсқап отырады. Нақтырақ айтқанда, адамның қандай тағамды жейтіндігі ішкі қалауымен тікелей байланысты. Осы таңдау барысында логика мен сана екінші рөлге түсіп қалады. Тек кішкене балалар ғана ойына келгенін жей алады. Және де оларға ұнатпаған тағамдарын да жегізу мүмкін емес.

Тәжірибенің нәтижесін ұсынамыз:

1. Тұздалған тағамдарды көп жейтін адамдар. Тәжірибе авторларының айтуынша, тұздалған тағамдарды жейтін адамдардың ағзасында нақты минералды заттар жетіспейді. Әдетте, олар адам тағдыры біреуге тәуелді деп ойлайды. Ағыспен жүзген өлі балықтан еш айырмашылығы жоқ.

2. Шоколадты жақсы көретін адамдар. Ағзасында серотин мен рақат сезіміне бөлейтін гормондар жетіспейді. Ащы шоколадты көпшіліктің назарында болуды ұнататын жандар таңдайды. Ал сүттісін жалғыздықты ұнататын ұстамды интроверттер жейді.

3. Ащы тағамдарды ұнататын адамдар. Әдетте, бұл жандар барлық істе сақадай сай болғанды, әскери тәртіпті ұнатады.

4. Тәтті кәмпиттерді көп жейтін жандар. Мұндай адамдар мұң атаулыны білмейді. Өмірдің әр тағатын бағалап, көңілді жүреді. Өткен қателіктерге еш өкінбейді.

5. Тұзды әрі тәтті тағамдарды ұнататын адамдар. Өте талантты және шығармашылық қабілеті зор. Табиғатына сәйкес жалғыз жүреді. Әрдайым ұстамды.
12 сәуір 2018 ж. 1 246 0