Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » №6 «Ботакөз» санаториялық бөбекжайына меңгеруші тағайындалды

№6 «Ботакөз» санаториялық бөбекжайына меңгеруші тағайындалды

Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің №6 «Ботакөз» санаториялық бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі лауазымына Қызылорда облыстық білім басқармасының конкурстық комиссиясының шешімімен Байжанова Карлыгаш Убайдуллаевна тағайындалды.

Байжанова Карлыгаш Убайдуллаевна 1988 жылы 10 маусымында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2009 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және 2017 жылы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарын бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Сырдария ауданында орналасқан №6 «Ботакөз» санаториялық балабақшасынында тәрбиешінің көмекшісі болып бастады.

2009 жылы Сырдария ауданындағы №6 «Ботакөз» санаториялық балабақшасына жастар практикасынан өтіп, сол жылы №2 «Балдәурен» балабақшасына тәрбиеші қызметіне қабылданды.

2010 жылы №6 «Ботакөз» санаториялық балабақшасына тәрбиеші қызметіне қабылданды.

2015 жылы №1 «Қызғалдақ» балабақшасына тәрбиеші қызметіне ауыстырылып, 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап әдіскер қызметін атқарған.

Сырдария аудандық білім бөлімі
 



21 сәуір 2022 ж. 521 0