Педагогикалық тамыз кеңесі басталды

Өңіріміздің барлық ұстаздар қауымының жаңа оқу жылы қарсаңындағы тамыз кеңесінен күтері көп. Жиында облыс әкімі Н.Нәлібаев білім беруді дамытудың келелі кеңесі болсын деген лебізін жеткізді.
– Соңғы жылдары мұғалім мәртебесін көтерудің барлық алғышарттары жасалып, материалдық ынталандыру аясы кеңейіп келеді. 2020 жылдан ұстаздарға қажетті үстемақы төленуде, биыл бұл мақсатқа републикалық бюджеттен – 52,4 млрд. теңге қаржы бөлінді. Келесі жылы педагогтер жалақысы тағы 25 пайызға көбейеді. Бұл – мұғалімдерді әлеуметтік қолдаудың нақты бір қадамы. Біз де қоғам алдында ұстаздардың беделін арттыруға ынталымыз, – деді аймақ басшысы Н.Нәлібаев.