Неонатологтар тәжірибе алмасты
Неонатальды көмекті қажет ететін науқас нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық құрылымының неонатолог дәрігері Талғат Толықбаев Қызылорда облыстық перинаталдық орталығына келіп, неонатолог дәрігерлермен кездесу өткізіп, тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Syrboyi.kz.
Талғат Жорабекұлы нәрестелер жансақтау бөлімшесін аралап, жұмыстарымен танысып, ауыр жағдайдағы сәбилердің жағдайларын талқылады.
Тәжірибе алмасу жоғары жиілікті осцилятор әдісімен тыныс алуды қолдау, балалардағы жедел бүйрек жетіспеушілігінде интенсивті емдеудің ерекшелілігі, балаларда орталық венаны катетерлеу әдісін ультрадыбыстық бақылау, шоктар, респираторлы көмек тақырыбындағы дәрістерге жалғасты.