Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады

Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады

Қазақстан мен Қытай 1 шілдеден бастап тікелей әуе қатынасын қайта жандандырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР-дағы ҚХР елшілігінің ресми сайтында осыған байланысты ПТР-тест тапсыру бойынша өзгерістер енгізілетіні атап өтілген.

Ұшуға дейінгі 48 сағат ішінде екі ПТР-тест тапсыру міндетті. Екінші ПТР-тестті ұшуға дейінгі 24 сағат ішінде тапсыру керек. Уақыт санағы биоматериалды алу сәтінен басталады. ПТР-тестілер елшілік пен Бас консульдық тағайындаған екі түрлі зертханаларға тапсырылуы керек.

Ұшуға дейінгі 12 сағат ішінде антигенге қосымша тест тапсыру міндетті. Уақыт санағы биоматериалды алу сәтінен басталады. Алынған тест нәтижесін елшілікке немесе Бас консульдыққа тексеруге жіберудің қажеті жоқ, оны рейске тіркелу кезінде әуе компаниясы қызметкеріне көрсету керек.

Рейске тіркеуден өту кезінде әуе компаниясы қызметкеріне «көк денсаулық коды» мобильді қосымшасы арқылы ашық (алдын ала түсірілген скриншот қабылданбайды) және антигенге тесттің теріс нәтижесі бар анықтаманы (қағаз немесе электрондық түрде) көрсету қажет.

Жолаушылар Қытайға ұшар алдында Қазақстанда өзін-өзі 10 күн оқшаулап, өз денсаулығын өз бетінше бақылап, тиісті кепіл хатқа қол қоюы тиіс.

Елшілік пен Бас консульдық 1 шілдеден бастап Қытай мен Қазақстан арасындағы үшінші ел арқылы Қазақстаннан Қытайға транзиттік рейспен жүретін жолаушылардан денсаулық кодын алу үшін өтініш қабылдауды тоқтатады.

Тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілгеннен кейін елшілік пен Бас консульдық Қазақстан арқылы үшінші елден Қытайға транзиттік рейспен бара жатқан жолаушылардан денсаулық кодын алуға өтінішті уақытша қабылдамайтын болады.
26 маусым 2022 ж. 307 0