Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев: Жастар қалаға кетпей, ауылға тұрақтап, ауылды дамыту керек
Ел ырысы дала дихандарының маңдай тер, табан ақысымен өлшенетіндігі бесенеден белгілі. Қазіргі таңда аудан көлемінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, азық-түлік қорын көбейту үшін Сырдария ауданы бойынша 200 гектар жер көлемі дайындалып, оның 132 гектары 687 отбасыға бөлініп беріліп, бүгінгі күнге оның 67 гектарына картоп, 15 гектарына көкөніс, 50 гектарына бақша дақылдары егілді.
Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев ауданға қарасты Аманкелді ауылының шаруаларының тыныс-тіршілігімен танысты.
Аманкелді ауылының «Желқазған» жер учаскесінде бүгінгі күні 8,1 гектар жерге 31 отбасы топтасып, бақшалық өнімдер егуде.
Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев ауданға қарасты Аманкелді ауылының шаруаларының тыныс-тіршілігімен танысты.
Аманкелді ауылының «Желқазған» жер учаскесінде бүгінгі күні 8,1 гектар жерге 31 отбасы топтасып, бақшалық өнімдер егуде.
Су тапшылығының алдын алу бағытында облыстық бюджеттен ауылға 2 су насосы орнатылған еді. Шаруалар бұл үлкен көмек болды, ол үшін облыс басшылығына ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрмағанбет Құдайбергенов ауыл халқының атынан ризашылығын жеткізді. Ардагер өзі де осы алқаптан егін егуге жер алып, ауылдағы ағайынға еңбектің ерен үлгісін көрсетіп келеді.
Ауыл тұрғындарының ендігі кезектегі мақсаты осы игерілген жерлерді жылда тыңайтып, егіс көлемін ұлғайту.
- Жерімізді ел байлығына айналдыруымыз керек, ол үшін қоғамның негізгі күші жастар қалаға кетпей ауылды дамытуға жұмыс жасауы керек!, - деді аудан әкімі қорытынды сөзінде.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі