Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі бірқатар ауылдық округ әкімдерін тыңдады

Аудан әкімі бірқатар ауылдық округ әкімдерін тыңдады

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Ақжарма, Шіркейлі және Н.Ілиясов ауылдық округ әкімдерінің 2021 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары туралы хабарламасын тыңдады.

Жоғарыда аталған ауылдық округ әкімдері 2021 жылы елді мекен бойынша тіркелген жұмыссыз азаматтардың қазіргі таңда тұрақты, ақылы қоғамдық жұмыс, жастар тәжірибесімен жұмыс жасайтыны туралы және елді мекендердегі салық түсімдері, тұрмысы төмен отбасылар мен ауылшаруашылығы саласы бойынша даму бағыттарын мәлімдеді.

Аудан басшысы жұмыссыз ауыл тұрғындарының санын азайту үшін ауылдарда орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін баса айтты.

Мемлекет тарапынан ұсынылатын гранттар мен берілетін несиелер туралы ауыл халқына нақты ақпарат беріп, әр ауыл тұрғынымен жекелей жұмыс жасауды тапсырды. Елді мекендердің ерекшеліктеріне қарай құрылыс заттарын шығаруды кеңейту, жем шығару цехын ашу, балық шаруашылығын ұйымдастыру (тоғандар ашу), мал сою пункттерін салу, сервистік қызмет көрсету, бақша, көкөніс, картоп дақылдарын өсіруді дамыту бойынша тапсырмалар берді.

Жиын соңында тиісті сала басшыларына да 2022 жылға егілетін картоп егісі көлемінің жоспарын дайындап, Қостанай және Ақтөбе облыстарының кәсіпкерлерімен жергілікті жерге егуге қолайлы ұзақ мерзімді сақталатын картоп тұқымдарын алу бойынша келісім жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

15 шілде 2021 ж. 450 0