Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 1,8 млрд теңге инвестиция тартылды

1,8 млрд теңге инвестиция тартылды

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың тө­р­­­­­­­­­­а­­­­ғалығымен аппарат мәжілісі өтіп, күн тәр­­­­тібінде негізгі екі мәсе­ле талқылан­ды. Аудан басшысы жыл­дың алғашқы төрт айы қоры­тындыланғанын жеткізіп, алғаш­қы жар­ты­жыл­дыққа арнал­ған жоспар­­дың орындалу барысы мен кейбір көр­сеткіштердің орындалмау қаупі туралы айтты.

Әуелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бө­лімінің басшысы Е.Ахетовтің баяндамасы тыңдалды. Бөлім басшысы негізгі капиталға салынған инвестициялар индикаторынан басқа барлық макроэкономикалық көрсеткіштерде өсу тенденциясы бар екенін мәлім етті.

– Биылғы жылдың қаңтар-наурызында аудан аумағындағы өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 2,4 млрд тең­ге­нің өнімін өндірді. Бұл – 2021 жылдың тиісті кезеңімен са­лыстырғанда 6,2 пайызға артық. Ал өңдеу өнеркәсібінде 2,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 7,5 па­йызға өсті. Осы ретте өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібіндегі өсім тамақ өнімдерін өндіру көлемі есебінен артқанын атап өтуіміз қажет. Мұнан бөлек ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мал өнім­дері 3,3 пайызға артып отыр. Бөлшек сауда айналымының нақты көлемі 2022 жылдың 3 айында 338,5 млн теңгені құ­раса, осы жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша ауданда барлығы 2473 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тір­келді. Оның ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұл­ға­ларының саны 141 болса, 1025 жеке кәсіпкер, 1307 шар­уа және фермер қожалығы бар. 2332 кәсіпкерлік субъек­тісі тұрақты түрде жұмыс жасап тұр, – деген бөлім басшысы аудан бойынша 1,8 млрд теңге негізгі капиталға инвес­тиция тартылғанын жеткізді.

Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша аудандағы құры­лыс жұмыстарының көлемі 5 млрд теңгені құраған. Нақтырақ айтқанда, есепті мерзімде 3,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Тұрғын үйлердің барлығы халықтың жеке қаражаты есебінен салынғанын ескерсек, халықтың баспана салу бағытындағы жұмыстары қарқынды екенін аң­ғаруға болады. Ал бюджет көлеміне келер болсақ, 2022 жыл­ға арналған аудандық бюджеттің кірістерінің көлемі 12 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде ауданның өз кірістері 5,3 млрд теңге болса, субвенция – 4,3 млрд теңге. Сонымен қатар ағымдағы нысаналы трансферттер 1,7 млрд теңге, нысаналы даму трансферттері 0,7 млрд теңге болып нақтыланған. Жалпы аудан бюджетінің шығындары – 12,5 млрд теңге. Жыл көлемінде аудандық бюджетке бір рет нақтылау жүргізіліп, 0,5 млрд теңгеге ұлғайтылған.

Аудан басшысы халықтың талап-тілегі артқан тұста бюд­жеттің әр тиыны дұрыс игерілуіне ерекше мән беру керектігін баса айтты. Сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткіштердің сапалы орындалуына аудандағы барлық бюджеттік мекеме басшылары тікелей жауапты екенін қаперге алды.

– Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі тарапынан барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне 2023 жылдың шығындар лимиті жолданды. Осыған сәйкес бюджет­тік бағдарлама әкімшілері 15 мамырға дейін 2023-2025 жыл­дарға арналған бюджеттік өтінімдерін тапсыруы тиіс. Аудан­ның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң тенденция­ларын қамтамасыз ету және де барлық индикаторлардың орындалуына жауаптылықпен қарау барлығымызға міндеттеледі. Сондықтан бюджет қаржысын үнемдеу мен аса қажетті бағыт­тарға жұмсау талап етіледі, – деді аудан әкімі.

Мұнан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ау­дандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Е.Дос­мұ­хамедовтің баяндамасы тыңдалды. Ол мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша хабарлама жасап, әс­кери қызметке шақыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын алға тартты.

– Қазақстан Республикасы Президентінің ел азаматта­рын 2022 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-жел­тоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлығы жарияланды. Осыған сәйкес ауданымызда тиісті Қаулы қабылданып, қазіргі таңда мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде. Мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының алдында Қазақстан Рес­публикасы Қор­ғаныс министрінің бұйрығына сәйкес алдын ала зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, аудан бойынша барлығы 160 азаматтың әскерге баруға жататындығы анықталды. Сондай-ақ аудан әкімінің өкімімен әскери қызметке азаматтарды жөнелту жоспары бекітілді, – деген бөлім бастығы осы жоспардың орындалуы төмен екенін мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, көктемгі мерзімге жоспарланған 55 азаматтың тек 12-і ғана әскерге аттанған.

Бұл мәселе бойынша аудан әкімі Отанды қорғаудың әр азамат үшін парыз екенін айшықтайтын идеологиялық түсіндірме жұмыстарын жастар арасында жандандыру қажеттігін на­зарға салды. Ол үшін көзі тірі Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров бастаған майдангерлердің, басқа да ержүрек азаматтардың ерлік істерін кеңінен насихаттау керектігін айтты. Бұл бағыттағы жұмыстарды кент және ауыл әкімдеріне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесе ұйым­дастыруды міндеттеді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық полиция бө­лімінің бастығы Н.Ибраев әскерден жалтарғандарға заң бо­йынша жауаптылық көзделгенін айтып, нақты ұсы­ныс­тар енгізді. Енді әскерден себепсіз жалтарып, Отан қор­ғау мен елге қызмет етуден қашып жүрген жастар ҚР Қыл­­мыс­тық кодексіне сәйкес айыппұл төлеп, қылмыстық жа­уаптылыққа тартылмақ. Аудан басшысы Отан алдындағы парызын өтемеу – заңбұзушылық болып есептелетінін айтып, аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығына бұл бағыттағы жұмыстарды қатаң назарда ұстауды тапсырды.




Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
04 мамыр 2022 ж. 429 0