Арал мәселесін халықаралық алаңдарда бірлесіп ілгерілетудің берері мол – Мәулен Әшімбаев
Кезінде бірегей су қоймасы болған Арал қазіргі таңда өңірдегі елдер үшін орасан зор экологиялық проблемаға айналып отыр. Бұл туралы Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызылорда облысының Арал ауданында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисі Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті. Жиында Аралды қалпына келтіру және оның экожүйесін қорғау мәселелерінде Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселесі сөз болды.
«Біздің елдеріміздің мемлекет басшылары Арал проблемасын шешу және трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселе екеніне үнемі баса мән беріп келеді. Бір кездері бірегей су қоймасы болған Арал қазір өңірдегі елдер үшін орасан зор экологиялық проблемаға айналып отыр. Бұл ынтымақтастықты нығайту және Аралды қайта жандандыру үшін озық тәжірибе мен технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз», – деді Мәулен Әшімбаев.