Сырдария аудандық білім бөлімінің басшысы тағайындалды
Қызылорда облысының білім басқармасының бұйрығы негізінде Жәнібеков Берік Съездұлы Сырдария аудандық білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Жаңа басшыны облыстық білім басқармасының басшысы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Жәнібеков Берік Съездұлы 1980 жылдың 16 тамызында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2001 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «География пәнінің мұғалімі, туризм менеджері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001-2007 жылдары Жалағаш ауданындағы №123 орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2007-2010 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері болып жұмыс жасаған.
2010 жылы Жалағаш аудандық білім бөлімінің бас маман міндетін атқарушы қызметін атқарған.
2010-2012 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің бас маманы болған.
2012-2018 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс жасаған.
2018 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысының білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 5 бала тәрбиелеп отыр.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі