Жол картасы өзекті мәселелерді шешеді
Бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысында өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы мен тоқсан нәтижесі сараланып, депутаттар рейтингтері бойынша мәселелер талқыланды. Сайлауалды бағдарламаның 2021 іске асырылуына жүргізілген талдау, Жол картаның жақсы деңгейде орындалғанын көрсетті.
Атап айтқанда, партияның облыстық, қалалық және 7 аудандық Жол карталарындағы 2021 жылға межеленген шаралардың 96,0% нәтижелі іске асырылса, тоқсан қорытындысымен Жол карталардағы барлығы 869 іс-шараның бүгінгі күнге 148-і орындалып отыр. Сонымен қатар жиын барысында фракция мүшелері халықты толғандыратын мәселелер бойынша сайлаушылармен кері байланыс орнату үшін әлеуметтік желілер мен БАҚ-ның мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға шақырылды.
Өз кезегінде партияның сайлауалды уәделерін орындау үшін Жол картасының іске асырылуына депутаттық бақылауды күшейту қажеттігі де атап өтілді.
А.ОҢҒАРБАЕВ,
облыстық мәслихат депутаты