Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде

Еліміздің бірқатар өңірін су басу қаупі әлі де сейілмей тұр. Осыған орай Мәжіліс депутаттары аймақтарға іссапарға шығып, су апатынан зардап шеккен тұрғындармен кездесуде. Депутаттар мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін айтып,  мәселелерді өздерінің жіті бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары Құлшар Мәлік пен Снежанна Имашева Батыс Қазақстан облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарымен кездесті.

Мәлік Құлшар Қаратөбе ауданындағы Шалғын ауылында балалардың оқуы ұйымдастырылған ауылдық клубта мұғалімдермен тілдесіп, мән-жайды талқылады.

Негізгі мектептің ғимаратына су кіріп, бөлмелердің ортасы құлаған. Қазір оқушылар уақытша Ауылдық клубта білім алуда. Ауылдағы 45 үйдің 29-на су кірген, 23-і тұруға келмейді. Ауыл тұрғындары су кірмеген үйлерге, 3-4 жанұядан бөлініп орналасқан. Құлағалы тұрған үйлерді сараптау жөніндегі комиссия жұмыс істеуде. Ауыл халқы ешқайда көшпей, жаңа мектеп те, үйлер де осы ауылға салынса деген өтініштерін жеткізді, – деді депутат.

Біз әрдайым мониторинг жасап отырмыз. Бүгін өз көзімізбен көруге келдік. Байқағанымыздай жағдай тұрақталды. Ендігі басты мәселе – тиісті көмек көрсету. Апат салдарын анықтап, тиісті шараларды қолға алу», – деді Айгүл Нұркина.

Мамандардың айтуынша, су тасқынының орын алуына арнайы бөгеттердің жоқтығы себеп болып отыр.

Депутаттар су тасқыны мәселесі жіті бақылауда болатынын айтты. Қажет болған жағдайда заңнамаға да өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Жалпы Рождественко ауылында 30-ға жуық үй еріген қар суынан зардап шекті. Осының салдарынан ауданда төтенше жағдай жарияланып, 100-ге тарта тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліді.

10 сәуір 2022 ж. 296 0