Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ардагерлердің тәлімі - ұрпаққа өнеге

Ардагерлердің тәлімі - ұрпаққа өнеге

Облыстық білім саласының ардагерлері кеңесінің кабинетінде ардагер ұстаздардың қатысуымен «Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Білім саласы ардагерлерінің келелі кездесуіне облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, үлгілі отбасылар ретінде ақын, сазгер, ҚР журналистер одағының мүшесі, «Сыр мектебі», «Ардагер айнасы» басылымдарының редакторы Махмутбай Әміреев пен жары және аймақтағы сала ардагерлері қатысты.

Дөңнелек үстелге жиылған бала оқытудан бақыт тапқан білім саласының құрметтілері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан табандылық, еңбексүйгіштік, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесі жолында қосар үлестері жөнінде пікірлерін ортаға салды.

Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызы аймағымыздың білім беру ұйымдарындағы жүргізілетін тәрбие жұмысы, отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері, мектеп, оқушы, ата-ана үштағанының байланысы жайын айтып өтті.

Келелі кездесуде ардагерлер отбасы құндылықтарын қалыптастыру бағытында білім беру ұйымдарымен бірлескен арнайы жұмыс жоспары бекітілді.

Шара соңында басқарма басшысы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Махмутбай Әміреевтің 80 жылдық мерейтойына орай шапан жауып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, ардагерлер ақынның жазған «Қазақ вальсі» әнін бірге орындады.

10 сәуір 2022 ж. 1 078 0