Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Серіктес директорлар» лигасының тұжырымдамасы жарық көрді

«Серіктес директорлар» лигасының тұжырымдамасы жарық көрді

Бүгін облыстық білім басқармасының қолдауымен «Серіктес директорлар» лигасының менеджер басшыларға басқару үдерісін ұйымдастырып, оның тиімділігін арттыру үшін теориялық концепцияларын, мазмұнын, тәжірибедегі қажеттілігін іс жүзінде қолдануға арналған «Теория, тәжірибе, іс әрекет: Жаңа көзқарастар алаңы» атты жаңа жинақтың тұсауы кесілді.

Жаңа жинақтың тұсау кесеріне облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының акамедигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Сәрсенұлы, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Сейтқалиұлы, Педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Алима Жақыпқызы, «Құрмет белгісі» ордені мен Ы.Алтынсарин атындағы және «Ерен еңбегі үшін» медалдарының иегері, халықаралық «Жыл директоры атанған білім саласының ардагері Күләш Бердікенқызы және қала мектептерінің директорлары, аудандық білім бөлімінің басшылары ZOOM қосымшасы арқылы қатысты.

- «Серіктес директорлар» лигасы өткен оқу жылында жасақталған тұжырымдамаларды жинақтап, өздеріңіздің назарларыңызда тұсауын кесті, енді оны бағыттар бойынша енгізілген тәжірибелерін магнитті түрде өзге білім ұяларына тарататын болады», - деді Ақзира Қасымова.

Шара барысында «Серіктес директорлар» лигасының семинары өткізілді. «Білім берудегі импульс, менеджмент, прогресс» тақырыбында өткен директорлардың басқосуында білім саласының майталмандары, ұлағатты ұстаздар Досмамбетов Бақберген Сәрсенұлы, Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, Әбдіхалықова Алима Жақыпқызы, Мергенбаева Күләш Бердікенқызы баяндама жасап, өзекті тақырыптарға негізделген мәселелерді пікір алмасу форматында талқылады. Сонымен қатар, оқытудың педагогикалық тәсілдері мен директор қандай болуы керектігі жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жиында Ақзира Бақтыбайқызы директорлардың бәсеке ағынына қарсы төтеп беру, өзіндік даму, ата-анамен байланыс туралы ойымен бөлісті. Ой алаңында барлық директорлар да өзіндік пікірін айтып, көзқарастарын білдірді.

Басқосу соңында басқарма басшысы Ақзира Бақтыбайқызы «Серіктес директорлар» лигасының жобалары жаңа мазмұнға бағытталып, даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері өңіріміздегі білім беру саласының дамуына септігін тигізетінін атап өтті.

Алдағы уақытта лиганың аудандардағы көшпелі отырыстары өткізіліп, құрамы жаңа директорлармен толығады.

04 қараша 2021 ж. 317 0