Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жерге тағзым

Туған жерге тағзым

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы, жерлесіміз Жақып Асанов, Еңбек Ері Абзал Ералиев ауданда орталығында болды.

- Тереңөзек – тәрбие, тәлім алған алтын ұя-тал бесігіміз, өсіп-өнген қара шаңырағымыз, елінің ынтымағы жарасқан Сырдария ауданының орталығы. Ауылымыздан шалғайда жүрсекте тыныс-тіршілігіне алаңдап отырамыз. Тамырын тереңге жайған Тереңөзек одан әрі өсіп-өркендей берсін! Ауданның абыройы артып, халқының әл-ауқаты жақсара берсін, - деді Жақып Асанов

Алдағы жоспарлармен бөліскен аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Тереңөзек кентін абаттандыру, жаңаша кейіпке ендіру бойынша жұмыстарға тоқталды. Қазіргі таңда кентте 80 пайызға жуық газдандыру жұмыстары аяқталып отырғандығын тілге тиек етті. Көшелерді орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының да басталғандығын, электр желілерін жаңғырту мәселесі мен "Майжарма" каналының жағасын абаттандыру жұмыстарына ұсыныстардың берілгендігін жеткізді.

Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы, жерлесіміз Жақып Асанов, Еңбек Ері Абзал Ералиев, аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат депутаты Расул Есеновпен бірге кент орталық алаңына ағаш отырғызды.

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс.

Ендеше көктемнің жайма-шуақ күндерінде тал егіп, сүйікті ауданымызды ажарландыруға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

10 сәуір 2022 ж. 395 0