Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көші-қон қызметінің маңызы зор

Көші-қон қызметінің маңызы зор

Ел Тәуелсіздігі жариялағаннан кейін ішкі-сыртқы қарым-қатынасқа байланысты және орал­мандардың тарихи Отанына қоныс ау­да­р­уына орай көші-қон мәселесі қолға алынды. Со­ның не­гізінде осыдан 29 жыл бұрын мемле­­кетте көші-қон полициясы құрыл­ды. Оның негізгі міндеттеріне төлқұ­жат­тық-визалық қыз­меттерді жүзеге асы­ру, шетел азаматтарын тіркеу, олар­дың заң бұзушылыққа жол бер­ме­уін қадағалау жатады. Бұл қызмет ҚР Ішкі істер ми­нистр­лігіне жүктелген.

Ауданда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­порациясы» Қызылорда облысы бойынша филиалы Сыр­дария аудандық бөлімінде аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобы қызмет көрсетеді. Көші-қон қызмет тобы халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесе жұ­мыс істеп, жеке басын куәландыратын қазақстандық құжат­тарды әзірлеу мен төлқұжаттарды айырбастауға дайындау міндетін атқарады. Сондай-ақ азаматтық, халықты құжат­тандыру, визалық жұмыстар және шетелдіктердің келуін бақылаумен де айналысады. Қызметтің негізгі функциясына азаматтарды тіркеу мен есепке алу, шетелге шығу үшін төлқұжаттар мен шетел төлқұжаттарын дайындау, аза­маттық мәселесі бойынша материалдарды қабылдау мен қарау кіреді. Бұл жұмыстарды аудандық полиция бөлімі көші-қон қызмет тобының инспекторы, полиция ма­йоры А.Алматов атқарады.

– Біздің қызметіміз халықты құжаттандырумен тікелей байланысты. Атап айтқанда, кәмелетке толғандардың төл­құжатын әзірлейміз және жеке басын куәландыратын құ­жат­ты жаңартып береміз. Одан бөлек, елді мекендерде ор­талыққа келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға ар­найы барып төлқұжатын дайындаймыз. Сонымен қатар шал­ғай жерлерде жүріп, мүлде құжат алмай, кейіннен кел­ген азаматтардың да құжаттарын жасақтап беру де мінде­тімізге кіреді. Жалпы өткен жылы 1662 азаматқа жеке куә­лік, 199 азаматқа шетелге шығатын куәлік әзірленді. Сон­дай-ақ 4 шетел азаматына ҚР азаматтығы берілді, – дей­ді Айдос Аханұлы.

А.Алматов көші-қон қызмет тобының инспекторы болып биылғы жылдың басынан қызмет көрсетуде. Ол 2014-2015 жылдары осы салада жұмыс істеген. Аталған салада тәжірибесі бар.

Полиция майорының айтуынша, «Алтын алқа», «Күміс алқа», мүмкіндігі шектеулі жандарға құжат дайындау тегін жүргізіледі. Одан бөлек, аудан көлеміне жұмыс істеуге келген шетел азаматтарының заң бұзушылыққа жол бермеу бағытында тиісті іс-шараларды қамтамасыз етеді.

Еліміз көпұлтты мемлекет болған соң қоныс аударушылар қатары көп болады. Сондықтан да бізге көші-қон саясатына аса мән беріп қарау керек. Осы салаға мән бермеудің салдарынан Еуропаның бірқатар мемлекеттерінің ішінде қо­ныс аударып келушілердің талабына байланысты жікке бө­лінушілік, жаппай тәртіпсіздіктер орын алған. Мұндайға жол бермеу үшін көші-қон саласында қате­ліктерге жол бермеу қажет. Бір атап өтерлігі, ауданда көші-қон саласына қатысты заң бұзушылықтар орын алмаған.


Ердос БЕРКІНБАЕВ
05 сәуір 2022 ж. 620 0