102 жастағы ананың жеке куәлігі рәсімделді
Жақында аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобының аға инспекторы полиция майоры Т.Садыбеков пен Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Сырдария аудандық бөлім маманы А.Аманов Қоғалыкөл ауылына барып, 102 жастан асқан әже Рахия Ақжанованың жеке куәлікке құжаттарын рәсімдеді. Осылайша бір ғасыр жасаған әжейге жеке куәлігін әперу үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп, көмек қолын созды.
Енді 20 күннен кейін қарт ананың жеке куәлігі дайын болған кезде ақ жаулықты ананың шаңырағына барып, сала мамандары табыстайтын болады. Өз кезегінде Сырдариялық 102 жастағы Рахия Ақжанова құжаттарын рәсімдеп берген сала мамандарына аналық алғысын айтып, ақ батасын берді.
Балтабай ОРДАБЕКОВ