Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 мың шетелдік бес жыл бойы Қазақстанға кіре алмайды

17 мың шетелдік бес жыл бойы Қазақстанға кіре алмайды


Көші-қон заңнамасын бұзған 17 мың шетел азаматына ел аумағына кіруге тыйым салынды. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .
"Ішкi iстер министрлiгi көші-қон легін бақылауды күшейтті. Былтыр елімізде 2,5 миллионнан астам шетелдік болып қайтса, сонша шетел азамат біздің ел арқылы өткен. 20 елдің азаматтары үшін визасыз келу тәртібі енгізілді, 45 елдің азаматы 30 тәулікке дейін визалық рәсімдерсіз және тіркеусіз жүре алады. Осындай жағдайлар полициядан көші-қон режимінің сенімділігін қамтамасыз етуді және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды күшейтуді талап етеді", — дедi Қасымов.
Министрдiң айтуынша, көші-қон заңын бұзған 17 мыңнан аса шетелдік Қазақстанға бес жыл бойы кіре алмайды.
"Былтырдан бері көшi-қон заңнамасын бұзған 141 мың шетел азаматы әкiмшiлiк жауапқа тартылды. Олардың 17 мыңнан астамы ел аумағынан шығарылды. Бұл азаматтарға 5 жыл бойы Қазақстанға қайта кiруге тыйым салынды. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өңірлерде арнайы көші-қон қызметін көрсету орталықтарын құру жоспарланған. Мұндай пилоттық жоба Астанада да іске асады", — дедi ол.
«Қамшы» сілтейді
14 маусым 2018 ж. 911 0