Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Казахстанская правда» газетіне бас редактор тағайындалды

«Казахстанская правда» газетіне бас редактор тағайындалды

«Егемен Қазақстан» РГ АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің бұйрығымен қоғамға қарасты басылымдарда бірнеше кадрлық ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы қызметіне Сәбит Ғалымұлы Малдыбаев тағайындалды. Тәжірибелі журналист ұзақ жылдар аталған басылым бас редакторының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келген болатын. Енді бас редактор ретінде газеттің жаңа тыныспен жарық көруіне күш салмақ. Ал газеттің бас редакторының орынбасары болып Наталья Рудольфовна Курпякова тағайындалды. Сондай-ақ ұжым мемлекеттік қызметке тағайындалып жатқан, бұған дейін «Егемен Қазақстан» газеті «Мәдениет және руханият» бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарып келген талантты ақын Мирас Асанды құрмет көрсетіп шығарып салды. Енді басылымның бұл бөліміне тәжірибелі журналист Жолдыбай Базар жетекшілік етсе, «Саясат» бөлімінің меңгерушісі қызметіне журналист Бану Әділжан тағайындалды.
01 сәуір 2022 ж. 444 0