Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Мемлекеттік инспектор Сырдария ауданына келді

Мемлекеттік инспектор Сырдария ауданына келді

ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Б.Сәпиев жұмыс сапарымен Сырдария ауданына келді.

Мемлекеттік инспектор ең алдымен Ақжарма ауылындағы «Ақжарма-2» шаруа қожалығына тиесілі қуаттылығы күніне 50 тонна күріш ақтайтын зауыт жұмысын көрді. Бүгінде кәсіпорын басшысы Марат Бисенов 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда.

Әрі қарай Б.Сәпиевтің ауданға сапары Тереңөзек кентінде орналасқан «Мансур» спорт клубында жалғасты. Өткен жылы пайдалануға берілген спорт мектебінде 128 жасөспірім шахмат, дзюдо, қазақ күресі, тхэквондо секілді үйірмелерде жаттығу жасауда. Мұнда 8 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнан соң мемлекеттік инспектор аудан орталығындағы «Серікбол» сауда үйіне барды. Мәдина Омарова мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз кәсібін кеңейткен.

@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 наурыз 2022 ж. 335 0