Медицина жоғары колледжінің ұжымымен кездесті
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Тұраров Рашид Ғаниұлы Қызылорда медицина жоғары колледжінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттар ұсынылды.
Сондай-ақ, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің теориялық және практикалық аспектілері, атап айтқанда, ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандартты қолданудың негіздері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Шара соңында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланып, қатысушылардың сауалдарына жауаптар берілді.