Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Мәжіліс депутаты ауылшаруашылығы саласы өкілдерімен кездесті

Мәжіліс депутаты ауылшаруашылығы саласы өкілдерімен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева ауданда болып, тұрғындармен кездесті. Мекемелер үйінің мәжіліс залында Балайым Туғанбайқызы аудандағы ауылшаруашылығы саласы өкілдерімен кездесіп, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз ету, тыңайтқыш өнімдері бағасының қымбаттауы, егін шаруашылығын жүргізуде төмендетілген пайызда несие беру, Қараөзек арнасына су жинақтау, жайылымдық жердегі құрғақшылық, Шаған ауылында орын алған жер дауы бойынша талқылау жүргізілді.

Талқылау барысында су мәселесіне қатысты сұрақтарға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің жергілікті өкілдері өз құзыреті шегінде жауап берді.

“Ақжарма – 2" шаруа қожалығының төрағасы Марат Бисенов субсидиялау механизмін қайта қарау және ауылшаруашылығын дамыту мақсатында реформа жүргізу керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар партия филиалының аудандағы бөлімінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда инфрақұрылымды дамыту, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында мәселелер көтерілді.

20 ақпан 2022 ж. 828 0